«Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 246 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын және құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 246 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексі 24-бабының 36) және 50) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалары);

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүзеге асыратын сараптама ұйымдарының басшыларына қойылатын талаптары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

5. 2026 жылғы 12 шілдеден бастап мыналар белгіленсін:

Қағидалардың 9-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:

«9. Заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік қызметті алу үшін www.egov.kz «Цифрлық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі -портал) немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы «e-Qurylys.kz» цифрлық жүйесі (www.equrylys.kz) (бұдан әрі - цифрлық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған толтырылған мәліметтер нысаны бар электрондық құжат нысанында жібереді.».

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.